Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Жетісу облысында шопандар жарысы өтті

Сарапшы, спорт журналисі

Байқау барысында шопандардың тек тәжірибесі ғана емес, логикасы мен зерделілігі де сынға түсті.

Жетісу облысында шопандар жарысы өтті
7-su.kz

Жетісу облысында жұмысшы мамандық жылы аясында алғаш рет «Үздік шопан» жарысы ұйымдастырылды. Ерекше додада қойшылардың тәжірибесімен қатар, ой-өрісі мен логикалық қабілеттері де сынға түсті.

Логика мен шеберлік қатар сыналды

Жарыс бірнеше кезеңнен тұрды:

  1. Қатысушылар алдымен логикалық сұрақтарға жауап беріп, тест тапсырмаларын орындады.

  2. Келесі кезеңде отар ішінен бөлінген қозыны оның енесімен сәйкестендіріп табуға тиіс болды. Бұл – нағыз шопанның жылдар бойы жинаған тәжірибесін қажет ететін тапсырма.

Сайыс биязы және биязылау жүнді қой өсірушілер арасында өтті. Бұл бағытты таңдаған себебі – қазіргі нарықта жүн сапасына сұраныс артып отыр, ал осы бағыттағы шопандардың рөлі ерекше.

Мақсат – тек жарыс емес, насихат

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл байқау шопандықты насихаттауға бағытталған. Қазақ халқының ата кәсібін заманауи форматта қайта танытып, мал бағуды – еңбек нарығындағы тиімді кәсіптің бірі ретінде көрсету көзделген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір