Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Марадонаның қазасына қатысты сот ісі жарамсыз деп танылды

Редактор Penalty.kz
30.05.2025, 10:26

Аргентинада футбол аңызы Диего Марадонаның өліміне байланысты сот отырыстары үлкен дау тудырып, нәтижесінде жарамсыз деп танылды.

hindustantimes.com
hindustantimes.com

Судьяға қатысты даулы деректі фильм себеп болды

Сейсенбі күні сот процесіне қатысқан судья Хульета Макинтачты міндетінен шеттетті. Аргентиналық БАҚ-тың хабарлауынша, судья сот процесін жасырын түрде деректі фильм ретінде түсіруге рұқсат берген. Бұл фильмде судьяның өзі басты кейіпкер ретінде көрсетілген.

Ең бастысы — түсірілім заңды органдармен мүлдем келіспеген. Кейін фильмнің үзінділері жергілікті ақпарат құралдарына тарады. Осы жайттан кейін сот тыңдауларын жалғастырмай, процесті жарамсыз деп таныды. Бұл — істің қайта басталатынын білдіреді.

Марадонаның қазасы және негізгі деректер

Диего Армандо Марадона 2020 жылдың 25 қарашасында, 61 жасында өмірден өтті. Ресми мәліметтерге сәйкес, оның өліміне өкпенің ісінуіне әкелген жедел жүрек жеткіліксіздігі себеп болды.

1986 жылғы әлем чемпионы, әлем футболының жұлдызы Марадона FIFA-ның ресми сайты жүргізген дауыс беру нәтижесінде ХХ ғасырдың ең үздік футболшысы деп танылған.

Сотталушылар кімдер және не үшін айыпталуда?

Бұл істе негізгі күдіктілер — Марадонаның өмірінің соңғы күндерінде оған медициналық көмек көрсеткен сегіз маманның жетеуі. Оларға "немқұрайлы қарау", "медицина қызметіндегі қылмыстық салғырттық" және "абайсызда адам өліміне себеп болу" баптары бойынша айып тағылған.

BBC-дің орыс қызметі 2021 жылы хабарлағандай, 20 сарапшыдан тұратын комиссия марқұмның өлімін зерттеп, дәрігерлер тобының әрекетін “жауапсыз, орынсыз және кәсіби талаптарға сай емес” деп бағалаған.

Сот сараптамасы көрсеткендей, егер Марадона дер кезінде және тиісті ауруханада емделгенде оның тірі қалу мүмкіндігі әлдеқайда жоғары болар еді.

Қылмыстық жауапкершілік: 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі

Егер айып тағылған медициналық қызметкерлер кінәлі деп танылса, оларды 8 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр. Бұл — адам өліміне әкелуі мүмкін екенін біле тұра, салғырттық танытқан қылмыс санатына жатады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір