Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Астана" велошабандозы "Джиро д’Италияда" таулы кезеңнің жеңімпазы атанды

Редактор Penalty.kz
02.06.2025, 13:18

Римде мәресіне жеткен 108-ші "Джиро д’Италия" көпкүндік веложарысында Қазақстан атынан сынға түскен XDS Astana Team керемет нәтижемен көзге түсті.

xds-astana.com
xds-astana.com

Таулардың королі — Лоренцо Фортунато

29 жастағы италиялық велошабандоз Лоренцо Фортунато XDS Astana Team намысын қорғап, "Джиро д’Италия" жарысының таулы классификациясында топ жарды. Ол бұл жетістігі үшін көк жейдені (maglia azzurra) иеленіп, Римдегі подиумға көтерілді.

Таулы есепте оның әріптесі — 27 жастағы Кристиан Скарони екінші орынға табан тіреді. Бұл қос шабандоздың еселі еңбегінің нәтижесі екенін команда бапкерлері де ерекше атап өтті.

Жеңісінен кейін Лоренцо Фортунато өз әсерін жеткізді:

"Үшінші кезеңнен кейін көк жейдені киген сәттен бастап, бұл классификация үшін күресуге бел будым. Бірақ ол үшін әр күн сайын максимум күш жұмсау керек болды. Команданың толық қолдауы болмаса, бұған қол жеткізу мүмкін емес еді. Бүгін Римде подиумда тұрмын — бұл сөзбен жеткізу мүмкін емес қуаныш!" 

Айта кетейік, Фортунато бұл жарыста сондай-ақ ең белсенді шабандоз атағын да жеңіп алды.

Бір кезеңдегі қос жеңіс

XDS Astana Team бұған дейін де 16-кезеңде жарқ етіп көзге түскен. Ол кезде Кристиан Скарони мәреге бірінші болып келсе, Фортунато екінші орынды еншіледі — бұл бір команданың бір кезеңде алған қос жеңісі ретінде есте қалды.

Сонымен қатар астаналық команда осы жарыста тағы екі рет жүлделі орынға көтеріліп, тоғыз мәрте ТОП-10 қатарына енген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір