Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді (ВИДЕО)
Аянат Жұмағали Астанада жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Спортты дамыту дирекциясы
Қазақстандық спортшының жүлделі өнері
Аянат Жұмағали 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қос сайыс нәтижесі бойынша 217 (95 + 122) келіні бағындырды. Бұл нәтиже оған қола медаль жеңіп алуға мүмкіндік берді.
Жарыс жеңімпаздары кімдер?
Алтын медаль — оңтүстік Кореялық Хисо Чжун: 230 (102 + 128) кг
Күміс медаль — өзбекстандық Гүлшодахон Дадамирзаева: 218 (96 + 122) кг
Қола медаль — қазақстандық Аянат Жұмағали: 217 (95 + 122) кг
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet