Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстан спортында дінге қатысты ереже бекітілді

Редактор Penalty.kz
09.07.2025, 17:22

2025 жылғы 19 шілдеден бастап күшіне енетін бұйрыққа сәйкес, енді спортшылар қоғамдық жерде діни нанымдарын ашық насихаттай алмайды.

Kazislam.kz
Kazislam.kz

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі елдің спорт саласына арналған этикалық нормаларға маңызды өзгерістер енгізді. Министрдің 2025 жылғы 27 маусымдағы бұйрығымен жаңартылған Спорттық этика ережелері қабылданып, олар 2025 жылғы 19 шілдеден бастап күшіне енеді.

Дінге қатысты шектеу

Жаңа құжатта спортшыларға, жаттықтырушыларға, төрешілерге және спорт саласындағы басқа да мамандарға діни наным-сенімдерін ашық насихаттауға және өзгелерді діни ұйымдарға тартуға немесе миссионерлік әрекетке итермелеуге қатаң тыйым салынған.

Міндеттелген талаптар

Этика кодексінде келесідей міндеттер бекітілген:

  • Жарыстар мен қоғамдық ортада алкоголь, есірткі немесе уытты заттардың әсерімен жүруге жол бермеу;
  • Адал ойын (fair play) қағидасын сақтау;
  • Қарсыласқа, төрешіге, ұйымдастырушыға, жанкүйерлерге құрметпен қарау;
  • Саяси ұрандарды марапаттау кезінде қолдануға тыйым;
  • Қазақстанның Мемлекеттік Әнұранын білу және орындау кезінде этикаға сай болу;
  • Спорттық марапаттарды қадірлеу, жарыстағы марапаттау рәсіміне қатысу;
  • БАҚ-пен, еріктілермен, көрермендермен әдепті қарым-қатынас жасау;
  • Спорттық киім үлгісін (форма) міндетті түрде кию;
  • Спортшыларға үлгі болу және жалпы жарыс тәртібін сақтау.

Тыйым салынатын әрекеттер

Этикалық кодекс келесі әрекеттерге тыйым салады:

  • Оқу-жаттығу процесіне қатысты ақпаратты жариялау;
  • Бейәдеп сөздер мен ым-ишара қолдану;
  • Спортшы немесе командаға қысым көрсету, қорқыту, қоқан-лоқы жасау;
  • Жарыс процесіне кедергі келтіру, ел беделіне нұқсан келтіретін әрекеттер жасау.

Жеке жаттықтырушылар спортшыларға Қазақстанның Әнұранын үйретуге міндеттеледі. Ал спорттық ұйымдар этиканың толық мәтінін көрнекі жерге орналастырып, барлық мамандар мен спортшыларды жазбаша түрде таныстыруы тиіс.

Жаңа ереже қашан күшіне енеді?

Жаңа Спорттық этика ережелері 2025 жылдың 19 шілдесінен бастап ресми түрде күшіне енеді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір