"Биатлоннан футболға дейін": миллиардтар бөлінсе де нәтиже жоқ – Жоғары аудиторлық палата тиімсіз спорт түрлерін атады
2022–2024 жылдары бірде-бір медаль әкелмеген 11 спорт түріне миллиардтаған теңге бөлінген
Қазақстанда олимпиадалық емес спорт түрлеріне бөлінген қаржы көлемі нәтижеге сай болмай шықты. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата жүргізген мемлекеттік аудит қорытындысында айтылды.
Аудит барысында спорт саласында 17 миллиард теңге көлемінде заңбұзушылық анықталып, бірқатар спорт түрінде халықаралық деңгейде жетістік тіркелмегені белгілі болды.
Миллиардтаған қаржы, бірақ бірде-бір жүлде жоқ
Аудиторлық палата мәліметінше, 2022–2024 жылдары төмендегі спорт түрлеріне қомақты бюджет бөлінгенімен, бірде-бір спортшы халықаралық жарыстарда жүлдегер атанбаған:
- Биатлон
- Волейбол
- Баскетбол
- 3x3 баскетбол
- Теннис
- Скейтбординг
- Гольф
- Шаңғы қоссайысы
- Тау шаңғысы
- Сноуборд
- Футбол
Сонымен қатар, 19 спорт түрінде дайындық бағдарламасының болмағаны да сынға ілінді.
Ең көп қаржы қайда жұмсалды?
Аудит қорытындысы бойынша, үш жыл ішінде ең көп қаражат бөлінген спорт түрі – биатлон. Тиісті көрсеткіштер мынадай:
- 2022 жылы – 589,9 млн теңге
- 2023 жылы – 733,5 млн теңге
- 2024 жылы – 816,6 млн теңге
- Жалпы үш жылда – 2,14 млрд теңге
Биатлоннан кейінгі орында волейбол тұр:
- 2022 жылы – 120,7 млн теңге
- 2023 жылы – 197,1 млн теңге
- 2024 жылы – 400 млн теңге
- Барлығы – 717,9 млн теңге
Басқа спорт түрлеріне бөлінген қаржы көлемі:
| Спорт түрі | 2022 | 2023 | 2024 | Жалпы |
|---|---|---|---|---|
| Баскетбол | 141,9 млн | 126 млн | 223,6 млн | 491,6 млн |
| 3x3 Баскетбол | 41,5 млн | 93,7 млн | 47,8 млн | 183,1 млн |
| Теннис | 26,7 млн | 47,2 млн | 42 млн | 116 млн |
| Скейтбординг | 26 млн | 43,4 млн | 20,7 млн | 90,2 млн |
| Гольф | 14,6 млн | 17,8 млн | 52,2 млн | 84,7 млн |
| Шаңғы қоссайысы | 7,7 млн | 16,1 млн | 16,6 млн | 40,4 млн |
| Тау шаңғысы | 10,7 млн | 8,6 млн | 10,6 млн | 30 млн |
| Сноуборд | 5,7 млн | 4,5 млн | 4,2 млн | 14,5 млн |
| Футбол (әуесқой/даму) | 1,1 млн | 2,4 млн | 4,3 млн | 7,9 млн |