
Қазақстанның бұрынғы Туризм және спорт министрі, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының экс-басшысы Талғат Ермегияевке шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу (ШТМБ) бойынша сұрауы қанағаттандырылмады.
Сот отырысы Алматы облысындағы Алатау қаласында өткен. Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай сотталушының өтініші қаралып, ресми түрде кері қайтарылған.
2016 жылы Талғат Ермегияев ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, мемлекет қаржысын жымқырды деген айыппен 14 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сот шешімімен оның мүлкі де тәркіленген.
Тергеу дерегінше, қылмыстық топ «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясынан 10,2 миллиард теңге қаражатты заңсыз иемденген.
Талғат Ермегияев — Қазақстандағы спорт саласының белгілі тұлғаларының бірі. Ол: