
АҚШ рэп-орындаушысы Азилия Бэнкс ирландиялық файтер Конор Макгрегорды онлайн дәмешілді жасады деп айыптап, оның интимдік суретін жария етті.
Әлемдік спорт және шоу-бизнес жаңалықтары қызу талқылаған оқиға Х әлеуметтік желісінде басталды. Рэп-жанрында танылған Азилия Бэнкс UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор өзіне интимдік суреттер жібергенін айтып, дәлел ретінде бірнеше фотосын парақшасына салды. Артынша ол жазбасын өшіргенімен спорттық басылымдар суреттерді сақтап үлгерді.
Бэнкстің айтуынша, Макгрегор өз хаттарын жария етпеуді талап етіп, тіпті қорқытып хат жазған. Әнші бұл әрекетті "онлайн ддәмешілдік" деп атады.
"Сен маған сексуалдық қысым көрсетіп, артынша үндеме деп қорқытпақсың ба? Сен Ирландия президенті болғың келетін адам емессің бе?" – деп жазды Азилия Бэнкс.
Қазір Конор Макгрегор бұл айыптауларға ресми жауап бермеді. Алайда мұндай жағдайлар оған жат емес.
2023 жылдың күзінде Дублин қаласында 2018 жылы болған оқиға бойынша сот алқасы Макгрегорды зорлық дерегі бойынша айыпты деп тапқан болатын. Сот шешімімен, файтер Никита Хэндке 247 мың еуро (128,4 млн теңге) өтемақы төлеуі тиіс деген үкім шығарылды. Макгрегор бұл шешіммен келіспей, шағым түсіретінін мәлімдеген.
Спорттық мансап тұрғысынан алғанда, Конор соңғы кездері үлкен октагоннан алыстап кеткен. Оның соңғы жекпе-жегі 2021 жылдың шілдесінде өткен еді — Дастин Порьеге қарсы шайқаста аяқ сүйегін сындырып, жеңіліске ұшырады.
2024 жылдың маусымында Макгрегор Майкл Чендлермен октагонға оралады деп жоспарланған, алайда ирландиялық спортшының жарақатына байланысты бұл кездесу кейінге қалдырылды.
ММА әлемінде Макгрегордың 22 жеңісі және 6 жеңілісі бар. Ол UFC тарихында екі салмақта бірдей чемпион атағын қатар иеленген тұңғыш спортшы ретінде есімін қалдырды. Соған қарамастан соңғы жылдары ол "ең асыра бағаланған спортшылардың бірі" ретінде сынға алынуда.