Қатар қақпасына соққан әйгілі гол, «Елімайдағы» жұлдызды сәттер, Тараздан түлеп ұшқан шабуылшы — Олег Литвиненко туралы жан тебірентерлік естеліктер ЖБ подкастында қайта жаңғырды.
Қазақ футболының тарихында есімі алтын әріппен жазылған шабуылшылардың бірі — Олег Литвиненко. Тараз футбол мектебінен түлеп ұшқан ол ұлттық құрама сапында да, клуб деңгейінде де жанкүйер жадында қалатын ерекше ойын өрнегімен танылды.
Олег Литвиненко футболдағы алғашқы қадамын Жамбыл облысында бастап, кейін «Елімай» клубының жұлдызына айналды. Шабуылшы ретінде ерекшеленіп, Қазақстан құрамасында жасындай жарқылдаған ойындардың бірі — Катар қақпасына соққан голы, әлі күнге жанкүйер жадында.
Өкінішке қарай, талантты футболшы 2007 жылы өмірден озды. Оның мезгілсіз қазасы бүкіл футбол қауымдастығына ауыр тиді. Литвиненконың есімі бүгінгі жас буын мен ардагерлер арасында әлі де құрметпен аталады.
“ЖБ Шоу!” жобасының жаңа шығарылымында резиденттер Олег Литвиненко туралы жылы естеліктерімен бөлісті. Бағдарламада тек сағыныш емес, футболшылардың өмірден өтуі туралы әзілмен астасқан шындықтар да қозғалды.
Сондай-ақ, шығарылымда жасын кішірейтіп, өзінен әлдеқайда жастау футболшылармен қатар ойнаған ойыншылар туралы да қызықты тақырып қозғалды.