Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Бибісара Асаубаеваның Лас-Вегастағы жетістігі әлемді дүр сілкіндірді

Редактор Penalty.kz
22.07.2025, 17:31

21 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева ресми түрде FIDE гроссмейстері атағын алып, әлемдік шахмат тарихына есімін жазды.

alash.kz
alash.kz

Батумиде тарихи шешім қабылданды

Грузияның Батуми қаласында өткен Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) кеңес отырысында 10 жаңа гроссмейстердің атағы ресми түрде бекітілді. Олардың қатарында қазақстандық Бибісара Асаубаева да бар.

Ол Қазақстан тарихындағы екінші ресми әйел гроссмейстер (біріншісі — Жансая Әбдімәлік) және әлемдегі гроссмейстер атанған 43-ші шахматшы әйел атанды.

Freestyle Chess Grand Slam — Бибісараның жаңа белесі

FIDE шешімінен кейін Бибісара әлемнің элиталық турнирлерінің бірі — Freestyle Chess Grand Slam-2025 додасына қатысты. Жарыс АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтті.

Бұл — жабық форматта өткен, әлемнің үздік шахматшылары қатысқан турнир. Қатысушылар қатарында:

  • Магнус Карлсен
  • Фабиано Каруана
  • Хикару Накамура және басқа да супергроссмейстерлер болды.

Әйелдер арасындағы тарихи жетістік

Бибісара — әлем тарихында ерлермен бір турнирге қатысқан үшінші әйел шахматшы. Бұған дейін мұндай құрметке:

  • Юдит Полгар (Венгрия)
  • Хоу Ифань (Қытай) ғана ие болған.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір