Үш алтын: Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Азия чемпионатында жеңіске жетті

Сарапшы, спорт журналисі

Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионаты аясында әртістік жүзу сайыстары басталды. Спорттық додада ел намысын қорғаған Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды.

Үш алтын: Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Азия чемпионатында жеңіске жетті
Фото: ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы бірден бес медальға қол жеткізді. Оның үшеуі - алтын.

Техникалық соло бағдарламасында сынға түскен Карина Магрупова (240.1600) мен Виктор Друзин (228.1708) жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Осы бағдарламада Эдуард Ким күміс жүлдегер атанса (223.5584), Ясмина Исламова қола медаль иеленді (204.0066).

Ал командалық сайыста (еркін бағдарлама) Қазақстан құрамасы алтын медаль жеңіп алды (267.0639).

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір