Қазақстан дзюдошылары әлем чемпионатында нашар өнер көрсетті

Сарапшы, спорт журналисі

Ұлттық құрама бар болғаны бір жүлде жеңіп алды.

Қазақстан дзюдошылары әлем чемпионатында нашар өнер көрсетті
ҰОК

Перудің Лима қаласында дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатының жекелей сайысы өз мәресіне жетті.

Қазақстан құрамасы халықаралық турнирде бір жүлдемен көзге түсті. Қыздар арасында 57 келіге дейінгі салмақта Дана Әбдірова күміс медаль иеленді.

Сондай-ақ 100 келіге дейінгі салмақта Асқар Біржанов та жүлдеге бір қадам жақын болды. Алайда ол қола медаль үшін өткен белдесуде Өзбекстан спортшысы Мұхаммадали Зоировқа есе жіберді.

Енді ұлттық құрамамыз аралас командалық жарыстарға қатысады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір