Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Тағы бір қазақстандық Дана Уайттың лигасымен келісімшартқа отырды

Сарапшы, спорт журналисі

Кезекті қазақстандық спортшы Дана Уайттың әйгілі Power Slap лигасымен келісімшартқа қол қойды. Енді ел намысын Данияр Шахаров қорғайды. 

Тағы бір қазақстандық Дана Уайттың лигасымен келісімшартқа отырды
sportnews.kz

Power Slap 16 турнирінде дебют жасайды

Оның алғашқы қарсыласы – нигериялық Адеринола. Бұл жекпе-жек 24 қазанда Абу-Дабиде орналасқан Space 42 аренасында өтеді және Abu Dhabi Showdown Week апталығының басты оқиғаларының бірі болмақ. Айта кетсек, бұл турнир UFC 321 шоуының қарсаңында ұйымдастырылады.

Power Slap 16 көрермендерге қызықты кард ұсынбақ:

Басты жекпе-жекте жартылай ауыр салмақ чемпионы Рон Бата белбеуін Алан Клинбейлге қарсы қорғайды.

Сонымен қатар суперауыр салмақта әйгілі блогер әрі спортшы Василий Камоцкий Макини Мануға қарсы шығады.

Найманбаев та оралады

Айта кетейік, бұған дейін тағы бір қазақстандық спортшы Зәкір Найманбаев жаңа қарсыласымен кездесетіні хабарланған. Ол келесі айқаста Power Slap ауыр салмақ дивизионының №1 рейтинг иегері, америкалық Дориан Переспен күш сынасады.

Бұл кездесу Power Slap 17: Blackburn vs. Young 2 турнирінің екінші басты жекпе-жегі ретінде өтеді. Шара 31 қазанда Эр-Риядтағы Mohammed Abdo Arena алаңында ұйымдастырылады.

Зәкір Найманбаев үшін бұл мансабындағы ең маңызды айқастардың бірі болмақ. Егер ол жеңіске жетсе – қазақстандық спортшы Power Slap лигасында титулдық жекпе-жекке жолдама алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 1
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір