Қазақстан үстел теннисінен Азия чемпионатындағы өнерін аяқтады
Ерлер командасы үздік ондыққа енді.
Қазақстанның үстел теннисі құрамалары Үндістанның Бхубанешвар қаласында өткен Азия чемпионатында өз өнерлерін аяқтады. Ерлер командасы жарысты 10-орынмен, ал әйелдер құрамасы 13-орынмен түйіндеді.
Ерлер арасындағы жарыста біздің спортшылар ширек финалға шығу үшін Солтүстік Корея құрамасымен кездесіп, 1:3 есебімен есе жіберді.
Кездесу нәтижелері:
- Кирилл Герасименко – Хэм Ю Сон: 3:0
- Алан Құрманғалиев – Ри Чон Сик: 2:3
- Санжар Жұбанов – Чон Чон Бом: 0:3
- Кирилл Герасименко – Ри Чон Сик: 2:3
Осыдан кейін қазақстандықтар Сингапур құрамасымен кездесіп, тартысты өткен матчта 2:3 есебімен ұтылып қалды. Қорытындысында ерлер командасы Азия чемпионатында 10-орынды иеленді.
Әйелдер құрамасының нәтижесі
Қазақстандық қыздар өз тобында екінші орын алып, жарыстың 11–14-орындары үшін бақ сынады.
Кездесулер нәтижесі:
Қазақстан – Иран 1:3
- Сарвиноз Миркадирова – Неда Шахсавари: 1:3
- Зәуреш Ақашева – Сафари Шимла: 0:3
- Жанерке Көшкімбаева – Илухани Сеташ: 3:1
- Зәуреш Ақашева – Неда Шахсавари: 2:3
Қазақстан – Макао 3:0
- Зәуреш Ақашева – Чон Чи Хун: 3:0
- Сарвиноз Миркадирова – Чонг Иок Тенг: 3:0
- Альбина Жақсылықова – Сик Хуэй Ли: 3:1
Жарыс қорытындысы бойынша әйелдер құрамасы 13-орынға тұрақтады.