Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Мәжіліс депутаты: «Ақтөбе» клубында 250 млн-нан астам теңге мақсатсыз жұмсалған

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты Нартай Аралбайұлының айтуынша, «Ақтөбе» футбол клубында 250 миллион теңгеден астам қаржы мақсатсыз жұмсалған.

Мәжіліс депутаты: «Ақтөбе» клубында 250 млн-нан астам теңге мақсатсыз жұмсалған
Sports24.kz

Тексеріс барысында «Ақтөбе» футбол клубының басшылары ойыншылардың тамағы мен әуе тасымалына бөлінген 250 млн теңгеге қаржысын мақсатты жұмсамай, жеп қойғаны анықталды.

«2025 жылы Ақтөбе облысы прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесінде клубта 250 миллион теңгеден астам қаржы мақсатсыз жұмсалғаны анықталды. Атап айтқанда, ішкі ережелерсіз футболшыларға сыйақы мен бонустар төленген, сондай-ақ мердігерлердің қызмет көрсету құны негізсіз өсірілген», — деді Аралбайұлы.

Облыс прокуратурасы «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде тексеріс бойынша келесі мәліметті жариялады:

"250 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде ойыншылардың трансферлері және әуе тасымалдау бойынша күмәнді мәміле жасау. Сондай-ақ ойыншылардың тамақтануына бөлінген қаражат клуб қызметкерлерімен жеке қажеттіліктеріне жұмсалған.

Тексеру қорытындысы бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқыру), 361-бабының 4-бөлігінің 1) тармағы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) және 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (алаяқтық) бойынша 3 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - делінген хабарламада.

Қылмыстық істер тергеп-тексеру амалдарын жүргізу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданған. Хабарламада істердің тергелу барысы облыс прокуратурасының бақылауында екені айтылған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір