Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Offside" сериалына қатысты шу: Кибершабуыл ма, әлде ақпараттық ойын ба?

Сарапшы, спорт журналисі

Бүгін Sәlem Entertainment күтпеген бот-шабуылға ұшырап, қазақстандық футбол жайлы «Offside» сериалының алғашқы бөлімі қолжетімсіз болып қалған еді. 

"Offside" сериалына қатысты шу: Кибершабуыл ма, әлде ақпараттық ойын ба?
youtube.com

16 қазан күні қазақстандық медиа-компания Sәlem Entertainment күтпеген бот-шабуылға ұшырағаны туралы ақпар тарады. Соның салдарынан YouTube-тағы «Пацанские истории» арнасында шыққан «Offside» сериалының алғашқы бөлімі платформадан жойылып кеткенін айтты компания өкілдері. 

«Offside» — тек спорт емес, қазақ футболының ішкі әлемін, жас ұрпақтың үміт пен күресін көрсететін драмалық жоба. Бірінші эпизод шыққан сәтте-ақ желіде қызу талқыланып, мыңдаған қаралым жинаған болатын.

Сонымен қатар, жобаның авторы Рүстем Омаровтың Instagram парақшасы да бұғатталды деген мәлімдеме жасалды. 

Sәlem Entertainment түсініктеме берді

Компания өкілдері Instagram парақшасында мәлімдеме жасап, арналардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жобаны қайта қалпына келтіру үшін барлық шаралар қабылданып жатқанын айтты:

«Қазіргі уақытта Sәlem Entertainment командасы арналардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және «Offside» жобасының әрі қарай көрсетілімін жалғастыру үшін барлық шараларды жасап жатыр.», — делінген ресми хабарламада.

Алайда көрермендер арасында: «Шынымен кибершабуыл ма, әлде маркетинг пе?» деген сұрақтар мен күмәндер көбейді.

Кибершабуыл ма, әлде ақпараттық ойын ба?

Себебі YouTube-та сілтеме арқылы өткенде мынадай ақпар шығады.

Скриншот

Яғни бейнежазба әлі де қолжетімді деген сөз. Оны тек шектеулі аккаунт қана ашып, көре алады. 

Егер сериалдың алғашқы бөлімі жойылғанда немесе YouTube-арна бұғатталса, ескерту мәтіні мүлдем басқа болар еді. Төмендегі суреттегідей:

Скриншот

Бейнежазба шектеулі деген не?

Мұндай бейнежазбаларды тек контент авторы таңдаған қолданушылар ғана көре алады. Сілтемесі арқылы өткенде бәрібір ашылмаса, оған бірнеше себеп бар: 

  • Сіз YouTube аккаунтыңызға кірмегенсіз.
  • Сіз аккаунтқа кірдіңіз, бірақ бейнежазбаға рұқсат берілген арна емес, басқа арнаны таңдадыңыз.
  • Сізге жіберілген сілтеме арқылы емес, тікелей арна бетін аштыңыз. URL-ды YouTube жүйесі немесе автордың өзі жібереді. Арнаның басты бетінде шектеулі қолжетімділігі бар бейнежазба көрінбейді.
Скриншот

Жалпы, кибершабуылдың ықтимал себебі ретінде хикаядағы бейәдеп сөздерге көрермен тарапынан көптеп шағым түсуі де болуы мүмкін. Қазір хикаяның қолжетімсіз болуына байланысты желі қолданушылары арасында қызу талқы жүріп жатыр. Түрлі пікірлер айтылуда. 

Қалай дегенмен, аталған компания өкілдері, аталған мәселе бойынша толыққанды ақпар беріп, оқиғаның мән-жайын айтады деп сенеміз.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 7
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір