Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Кімге кедергі болды? «Offside» сериалы YouTube-тен өшірілді

Сарапшы, спорт журналисі

Танымал телехикаяның платформадан жойылуына күтпеген кибершабуыл себеп. 

Кімге кедергі болды? «Offside» сериалы YouTube-тен өшірілді
offside.kz

16 қазан күні қазақстандық медиа-компания Sәlem Entertainment күтпеген кибершабуылға ұшырады. YouTube-тағы «Пацанские истории» арнасына бағытталған жаппай бот-шабуылдың салдарынан компанияның жаңа жобасы — «Offside» сериалының алғашқы эпизоды платформадан жойылып кетті.

Жаңа қазақстандық спорт сериалы

«Offside» — қазақстандық футбол мен жастар өмірін тоғыстырған спорттық драма-жоба. Сериалдың алғашқы бөлімі көрермендер арасында кең талқылау тудырып, аз уақыт ішінде мыңдаған қаралым жинаған болатын.

Алайда, шабуылдан кейін бейнежазба YouTube платформасынан өшірілді. 

Сериал авторы Рүстем Омаровтың Instagram парақшасы уақытша бұғатталған. 

«Қазіргі уақытта Sәlem Entertainment командасы арналардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және «Offside» жобасының әрі қарай көрсетілімін жалғастыру үшін барлық шараларды жасап жатыр.», — деді Sәlem Entertainment өкілі.

Кибершабуылдың ықтимал себептері

Мамандардың айтуынша, мұндай бот-шабуылдар соңғы уақытта жиілеген. Олар көбіне танымалдылыққа ие контентке, әсіресе футбол, мәдениет және қоғам тақырыбындағы бейнелерге бағытталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір