Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Дзюдо енді қар үстінде ме? ХОК күтпеген шешім қабылдамақ

Сарапшы, спорт журналисі

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2030 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына дәстүрлі түрде жазда өтетін кейбір спорт түрлерін енгізу мәселесін талқылауда. Атап айтқанда, дзюдо, велокросс және кросс-жүгіру сияқты спорттар қысқы бағдарламаға қосылуы ықтимал. 

Дзюдо енді қар үстінде ме? ХОК күтпеген шешім қабылдамақ
sportbugin.kz

Жаңа формат пен әділдік мәселесі

World Athletics ұйымының президенті Себастьян Коу мәлімдегендей, қазіргі уақытта қысқы ойындарға кросс-жүгіру мен велокроссты енгізу жөнінде келіссөздер жүріп жатыр. Оның айтуынша, бұл бастамаға ХОК-тың жаңа президенті Кирсти Ковентри ерекше назар аударуда.

«Кирсти Олимпиада бағдарламасына жаңаша көзқараспен қарап отыр. Ол дәстүрлі шектеулерден шығып, жазғы және қысқы спорт түрлерінің өзара үйлесімін қарастыруға дайын», – деді Коу The Times басылымына берген сұхбатында.

Коу бұл бастаманы әсіресе африкалық спортшылардың мүмкіндіктерін кеңейту мақсатымен байланыстырады. Оның пікірінше, кросс-жүгірудің қысқы Олимпиадаға енуі Африка елдерінен шыққан спортшыларға жаңа деңгейге шығуға жол ашпақ.

Неліктен дзюдо?

Каратэ мен күрес секілді спорт түрлері тұрғанда неліктен таңдау дәл дзюдоға түскені әзірге белгісіз. Сарапшылар бұл шешімнің артында спорттағы инклюзия мен нәсілшілдікке қарсы саясат ұстанымы жатқанын айтады.

Бірақ Африка елдерінің қысқы Олимпиадаға қатысуы қаншалықты орынды деген сұрақ та туындайды. Себебі олардың көбінде жазғы спорт түрлерін дамытуға да жеткілікті инфрақұрылым жоқ. Сондықтан ХОК-тың бұл бастамасы бір жағынан трендке ілесу сияқты көрінсе, екінші жағынан спорттағы шынайы теңдікке қадам деуге де болады

Қысқы Олимпиада бағдарламасына жаңа спорт түрлерін енгізу туралы түпкілікті шешім ХОК отырысында қабылданбақ. Егер ұсыныс мақұлданса, дзюдо алғаш рет 2030 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ресми бағдарламасына енуі мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір