
Өзбекстан намысын қорғаған 36 жастағы таеквондошы әлем чемпионатына Қазақстан атынан қатысады.
24–30 қазан аралығында Қытайдың Уси қаласында өтетін таеквондодан әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы сапында сегіз спортшы бақ сынайды. Солардың ішінде ерекше назар аударатын есім – Евгения Каимова (+73 кг).
Каимова – Өзбекстан таеквондо мектебінің түлегі. Ол кезінде Өзбекстан құрамасы атынан өнер көрсетіп, айтарлықтай жетістіктерге жеткен. Алайда бар болғаны 22 жасында спорттық мансабын аяқтауға шешім қабылдаған. Бірнеше жылдан кейін тұрмысқа шығып (бұрынғы тегі – Каримова), Қазақстанға қоныс аударған.
Елімізге келген соң ол балаларды жаттықтырумен айналысып, кейін өзі де қайтадан жарыстарға қатыса бастаған. Бүгінде 36 жастағы спортшы Астанада тұрады және бапкерлік қызметін жалғастыруда. Сондықтан оның ұлттық құрама сапында қалай өнер көрсететіні үлкен қызығушылық тудырып отыр.
Жасы: 36-да.
Өзбекстан құрамасындағы жетістіктері:
Қазақстан құрамасындағы жетістігі:
– 2023 жылы Qatar Open турнирінің жеңімпазы