Джакартада (Индонезия) өткен әлем чемпионатында Қазақстанның үздік гимнасты Нариман Құрбанов күтпеген сәтсіздікке тап болды. Олимпиада жүлдегері атанған спортшы ат снарядындағы финалда жерге құлап, тек 7-орынмен шектелді.
Индонезия астанасы Джакартада өткен әлем чемпионатының финалы жаңа сенсациямен аяқталды. Квалификация кезеңінде үздік нәтиже көрсеткен Нариман Құрбанов басты үміткерлердің бірі саналатын. Алайда шешуші сәтте ол өз бағдарламасын мінсіз орындай алмады.
Құрбанов ат снарядындағы жаттығуын бірінші әрекеттен сәтті бастай алмай, тепе-теңдігін жоғалтып, снарядтан құлап қалды. Бұл оның жалпы ұпайына ауыр әсер етті.
Соңғы нәтиже – 13.533 балл және 7-орын.
Құрбановтың командаласы Зейнолла Идрисов сәл жоғары нәтиже көрсетіп, 13.666 балмен 6-орынды иеленді. Ал өзге қазақстандық жұлдыз Милад Карими де финалда сәтсіздікке ұшырап, 6-орынмен шектелді.
Бұл нәтиже Қазақстан гимнастикасы үшін күтпеген жағдай болды, себебі Нариман соңғы жылдары ел спортының символына айналған еді.
Отандасымыз әлем кубогының 7 кезеңінің чемпионы (2018–2025). Универсиада мен Исламиада жүлдегері. Сонымен қатар, Азия чемпионы (2023, 2024, 2025). Былтыр Париж өткен Олимпиада ойындарында күміс медаль еншілеген болатын.