Допинг дауы: Сегіз спортшымыз шеттетілді
Жуырда Қазақстан Республикасы Антидопингтік орталығы 2025 жылы допинг-тесттен құралған барлық спортшылардың тізімін жариялады.
sportarena.kz
Қазақстанның сегіз спортшысы — ауыр атлетика, грек-рим күресі, әйелдер күресі және таеквондо өкілдері — WADA ережесін бұзғаны үшін ресми түрде дисквалификацияланды. Олардың ішінде 8 жылға шеттетілген спортшымыз да бар.
Жуырда Қазақстан Республикасы Антидопингтік орталығы 2025 жылы допинг-тесттен құралған барлық спортшылардың тізімін жариялады. Олардың арасында төрт ауыр атлет, екі грек-рим күресшісі, бір әйел балуан және бір таеквондист бар.
Ең көп тәртіп бұзатын – Ауыр атлетика спорты
1) Андас Самарқанов
- Дисквалификация: 23.05.2025 – 23.05.2033 (8 жыл)
- Препарат: Метандиенон
- Ерекшелігі: бұл — оның екінші рет допингпен ұсталу жағдайы. Сондықтан жазасы аса ауыр.
- Спортшы шынымен «уникальный», себебі қайта-қайта тыйым салынған препаратқа жүгінгендер сирек кездеседі.
2) Нұрхан Салауытов
- Шеттетілу мерзімі: 11.07.2025 – 11.07.2027
- Препарат: Фуросемид
3) Азатжан Зинетов
- Шеттетілу мерзімі: 11.07.2025 – 11.07.2027
- Препарат: Торасемид
4) Ирина Никонорова
- Шеттетілу мерзімі: 25.06.2025 – 25.06.2028
- Препарат: Метандиенон
Грек-рим күресі: тыйым салынған заттар тағы да анықталды
Олжас Ерғали
- Мерзім: 12.05.2025 – 12.05.2027
- Препарат: Кломифен
Азамат Қадыржанов
- Мерзім: 31.03.2025 – 31.03.2028
- Препарат: Станозолол
Әйелдер күресі мен таеквондо: бір-бір спортшы жазаланған
Ангелина Первухина
- Мерзім: 27.06.2025 – 27.06.2027
- Препарат: Фуросемид
Арайлым Арапбаева (таеквондо)
- Мерзім: 18.04.2025 – 18.04.2027
- Препарат: Фуросемид
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet