Тіпті Новак Джоковичтің өзі осы спорт түрі классикалық теннисті ығыстыра бастағанын мойындады. Әлемдік хит – падел – енді Қазақстанда да өз тарихын жаза бастады.
Падел – әлемде ең жылдам дамып келе жатқан спорттың бірі. Испанияда ол танымалдығы бойынша футболдан кейін екінші орында – бұл елде шамамен 5 миллион адам әр деңгейде осы спортпен айналысады.
Енді падел Қазақстанда да кеңінен таныла бастады. Динамикалық, көркем әрі қолжетімді спорт түрі ретінде ол мамандарды, әуесқойларды және бизнес-қоғамдастықты біріктіріп, жаңа трендке айналып келеді.
23 қыркүйекте Алматыда Қазақстан Республикасы Падел федерациясы мен елдегі №1 спорт инвесторы Olimpbet компаниясы арасында серіктестік туралы келісімге қол қойылды.
Бұл жаттығу мен жарыстарды жаңа деңгейге шығарып, инфрақұрылымды кеңейтіп, паделге қызығатын қазақстандықтардың санын арттыруға мүмкіндік береді.
Olimpbet дамыту директоры Абзал Қалиев:
«Падел бүгінде әлемдік феноменге айналды. Қазақстан бұл трендке белсенді қосылып жатыр және біз мұндай қозғалыстың бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз. Olimpbet әрдайым спортты және таланттарды қолдайды. Федерациямен бірге біз қазақстандықтарға жаңа турнирлер мен белсенді өмір салтына шабыт сыйлаймыз».
Федерация президенті Арслан Абулғазин:
«Біздің бас демеушіміз – Olimpbet компаниясын таныстыруға қуаныштымыз. Бұл біз үшін өте маңызды қадам. Өйткені бүгінде кәсіби спортты қарқынды дамытуға кірістік. Ол үшін бізге мықты серіктес керек болды, ал Olimpbet – Қазақстанда спорт инфрақұрылымын дамытудағы сенімді әріптес».
Падел 1960-жылдардың соңында Мексикада пайда болып, Испания, Латын Америкасы және әлемнің басқа елдерінде тез танымал болды. Бұл жұптық ойын теннис пен сквош элементтерін біріктіреді, ашық әрі шағын алаңда, әйнек қабырғалар ішінде өткізіледі және қарапайым ережелерге ие – сондықтан кез келген адам үйрене алады.
Қазақстандағы ең ірі букмекер, елдің спорт индустриясына стратегиялық инвестор. Olimpbet ұлттық спорт түрлерін, федерацияларды, клубтарды, спортшыларды қолдайды және жауапты ойын қағидаттарын дамытады. Компания көптеген ұлттық және салалық марапаттардың иегері.
Дереккөз: Olimpbet Arena
Фото: Евгений Ким / ҚР Падел федерациясы