Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Өзбекстан бас бапкері ОЖЖ кезінде туған "дау" туралы пікір білдірді

Сарапшы, спорт журналисі

Ташкентте өтіп жатқан Қазақстан және Өзбекстан боксшыларының бірлескен оқу-жаттығу жиынында «қазақ боксшыларының соққы жіберген сәтін көрсететін видеолар жарияланды» деген ақпаратқа байланысты Өзбекстан құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев түсінік берді.

Өзбекстан бас бапкері ОЖЖ кезінде туған "дау" туралы пікір білдірді
Фото: Olympic.uz

Бапкер Sportarena.kz-тің Instagram парақшасындағы пікір алаңына өзі жазба қалдырып, жағдайдың шын мәнінде қандай екенін айтты.

«Мен өзім де таңғалдым, не болды өзі? Оқу-жаттығу жиыны өте жақсы өтіп жатыр, бәрі риза. Спаррингтерді Қазақстан тарапынан да, біздің тараптан да түсіріп жатыр. Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі де осында. Әркім өзіне ыңғайлы сәттерді ғана қояды. Мұнда ешқандай тыйым жоқ, ешқандай мәселе жоқ», – деді Киличев.

Еске салайық, бұған дейін журналист Аслан Қаженов әлеуметтік желіде өзбек тарабы спаррингтердің тек өздеріне тиімді бөліктерін ғана жариялап жатыр деп мәлімдеген еді.

Бас бапкердің айтуынша, оқу-жаттығу жиыны қалыпты режимде өтіп жатыр және тараптар арасында ешқандай жанжал жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 3
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір