Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Даудан кейін түркістандық чемпионның жалақысы қайта есептелді

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан құрамасының жүзушісі Софья Сподаренко Түркістан облысында өзіне төленетін айлықтың заңсыз қысқарғанын айтып, дабыл қаққаннан кейін спортшының жалақысы қайта қаралды. Алайда бірнеше маңызды сұрақ әлі де ашық тұр.

Даудан кейін түркістандық чемпионның жалақысы қайта есептелді
tengrisport.kz

Софья Сподаренконың жалақысы қалай қысқарып қалған?

22 қарашада Tengri Sport-қа берген сұхбатында екі дүркін Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы, Азия чемпионы әрі Қазақстан чемпионы Софья Сподаренко ай сайынғы төлемі 320 мың теңгеден 194 мың теңгеге дейін қысқарып кеткенін айтқан.

Спортшының сөзінше, құжаттарда оның барлық жетістігі толық көрсетілмей, соның салдарынан айлық мөлшері төмендетілген. Бұл сұхбат жарияланғаннан кейін жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Қоғам қалай реакция білдірді?

Оқырмандар сайттағы пікірлерінде өз наразылығын ашық білдірген. Комментарийлерде мынадай мазмұндағы ойлар айтылды:

  • «Осылайша біз спортшыларды жоғалтамыз…»
  • «Бүлінген жүйе! Түркістан облысы үшін ұят жағдай».
  • «Солтүстік өңірде (Көкшетауда) дәл осындай жайт. Бокс жаттықтырушылары мен спортшыларға мүлде төлемейді, қаржыны басқа жобаларға бұрып жібереді. Жарыстарға өз қаражатына барып жүр».
  • «Шынында да, қазір көптеген спортшы халықаралық турнирлерге ең алдымен өз қалтасынан шығып барады, кейін ғана қаржы өтеледі. Қайда біздің уәде етілген қолдау, болашағы бар спортшыларға арналған төлемдер?».
  • «Балалар спортқа өмірін арнап жүр, Қазақстан туын әлемдік аренада, Олимпиада тұғырында көтереміз деп үміттенеді».

Желі қолданушыларының пікірінше, жүйелі қолдау жеткіліксіз, ал өңірлердегі спортқа бөлінетін қаржының ашықтығы сұрақ тудырады.

Әкімдік не деді: жалақы қайта есептелді, бірақ…

Даулы сұхбаттан кейін Түркістан облысының әкімдігі ресми түсініктеме берді. Онда Софья Сподаренкоға төленетін айлықтың өзгергені расталды.

Әкімдік жауабында:

«2025 жылғы 24 қарашадан бастап төлемдер туралы қолданыстағы бұйрыққа жоспарлы өзгерістер енгізілді. Спортшыға ағымдағы жарыс маусымындағы ең жоғары нәтижесіне сәйкес ай сайынғы қамтамасыз ету тағайындалды. Осылайша, төлем мөлшерін түзету белгіленген тәртіппен жүргізілді», – деп көрсетілген.

Алайда жауапта тамыз-қыркүйек айларында спортшыға кем төленген қаражат қайтарыла ма және жалақыны дұрыс есептемегендер жауапкершілікке тартыла ма – бұл сұрақтарға нақты жауап берілмеген. Софьяның айтуынша, ол Азия чемпионатындағы жетістіктері ескерілген
жаңа бұйрықпен танысқан. Бірақ материал жарияланған сәтте қосымша төлемдер әлі есептеліп, қолына тиіп үлгермеген.

Шетелдегі оқу-жаттығу және экипировка өз есебінен

Спортшы бұған дейін Ресей Федерациясында өткен оқу-жаттығу жиындарына өз қаражатына барғанын, сондай-ақ гидрокостюм секілді қымбат экипировканы да өзі сатып алуға мәжбүр болғанын айтқан еді.

Түркістан облысының спорт басқармасы бұл жерде өздерін заң жүзінде дұрыс әрекет еттік деп санайды.

Әкімдіктің ресми жауабында былай делінген:

«С. Сподаренконың гидрокостюммен қамтамасыз ету туралы өтініші қаралды. Түркістан облысы жүзу федерациясының президенті Д. Ашенов спортшыға экипировка қажетті қаржыландыру болған жағдайда ғана сатып алынатынын түсіндірген. Қазіргі уақытта осы бағыт бойынша бюджет қаражаты қарастырылмаған. Қосымша қаржы бөлінген жағдайда қамтамасыз ету мәселесі белгіленген тәртіпке сай шешілетін болады. Ресей Федерациясына оқу-жаттығу жиындары мен сапарлары спорт басқармасының және облыстық жүзу федерациясының бекітілген күнтізбелік жоспарына енгізілмеген. Сондықтан бұл іс-шараларға қаржыландыру қарастырылмаған».

Яғни, шетелдегі жиындар ресми жоспарға кірмегендіктен оларға ақша бөлу міндеттелмеген деп түсіндіріледі.

Софья Сподаренко туралы: рекордтар мен жетістіктер

Софья Сподаренко – Шығыс Қазақстанда, Өскеменде дүниеге келген. Ұзақ уақыт бойы Ресей құрамасы сапында өнер көрсетіп, кейін Қазақстан азаматтығын қайта қалпына келтірді. Оның негізгі жетістіктері:

  • 2023 жыл – 50 метр баттерфляй қашықтығында
  • Қазақстан рекордын жаңартты;
  • 2024 жыл – сол қашықтықта Азия чемпионы атанды;
  • 2025 жыл – Азия чемпионатында үш қола медаль иеленді;
  • Ислам ынтымақтастығы ойындарында екі алтын медаль жеңіп алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір