Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

2026 жылғы Олимпиада алдында көлік дағдарысы: билет саны қысқартылды

Сарапшы, спорт журналисі

2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарын қабылдайтын Италияның Кортина-д’Ампеццо қаласында көлік инфрақұрылымына қатысты күрделі мәселелер туындап отыр. Ұйымдастырушылар жанкүйер ағынын игере алмай қаламыз деп қауіптеніп, жарыстарға сатылатын билет санын қысқартуға мәжбүр болды.

2026 жылғы Олимпиада алдында көлік дағдарысы: билет саны қысқартылды
yana.kiev.ua

Жолдағы кептеліс

Халықаралық БАҚ мәліметінше, Кортинадағы жаңа қанат жолының құрылысы кестеден айтарлықтай қалып келеді. Бұл нысан жанкүйерлерді таулы аймақтарға жеткізетін негізгі көлік артериясы болуы тиіс еді.

Жергілікті көлік мәселесінің басты факторлары:

  • қалада теміржол станциясының жоқтығы;
  • тұрғындар мен қонақтардың көбісі көлікпен жүруі;
  • қарбалас уақытта жол кептелісінің жиі болуы.

Осыған байланысты жанкүйерлерге жеке көліктерін арнайы ұйымдастырылған тұрақтарға қоюға тура келеді, әрі қарай Олимпиада нысандарына шаттл-автобустармен жеткізіледі.

Билет 15 пайызға азайды

Алғашқы жоспар бойынша Кортіна кластерінде 200 мыңға жуық көрермен қабылдау көзделген. Алайда көлік саласындағы тәуекелдер салдарынан бұл көрсеткіш қысқартылды.

Жергілікті көлік жөніндегі кеңесші Массимо Бортолуццидің айтуынша:

«Бастапқы 200 мың көрермен деген болжамымызды 15 пайызға қысқартуға тура келді», – деп мойындады ол.

Бұл дегеніміз, енді шамамен 170 мың жанкүйерге ғана мүмкіндік беріледі.

Кеш жасалған келісімшарт, қарсылық және күрделі рельеф

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қанат жолының құрылысына қатысты келісімшарт тек шілде айында бекітілген.

Жобаны тежеген факторлар:

  • жергілікті тұрғындардың қарсылығы;
  • аймақтың күрделі таулы бедері;
  • уақыттың тығыздығы.

Соған қарамастан мердігер компания нысанды уақытында тапсырамыз деп уәде беріп отыр.

Кортина қандай спорт түрлерін қабылдайды?

Кортина-д’Ампеццо кластері 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының маңызды орталықтарының бірі болады. Мұнда мына спорт түрлерінен жарыстар өтеді:

  • биатлон;
  • керлинг;
  • шана спорты (санки);
  • тауда шаңғы жарысы;
  • бобслей;
  • скелетон.

Демек көлік пен логистика мәселесі шешілмесе, Олимпиаданың ең тартымды сайыстары өтетін аймаққа жанкүйерлер жетуі қиынға соғуы мүмкін.

Көлік төңірегіндегі проблемаларға қарамастан, ұйымдастыру комитеті имидждік және промо-жұмыстарды жалғастыруда. 6 желтоқсанда Римде Олимпиада алауының Италия аумағындағы эстафетасы басталады. Әйгілі әнші Дуа Липа 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға дайындалып жатқан АҚШ әйелдер құрамасының жаңа промо-бейнежазбасына түсті.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір