Футзалдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері алдағы аптада ресми түрде белгілі болады. Федерация құрама тізгінін кімге сеніп тапсыратынын қазірден бастап пысықтап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша негізгі екі кандидаттың есімі анық.
Futsal Kazakhstan жазуынша Федерация қарастырып отырған кандидаттар – Қазақстан футзал құрамасымен бұрын да жұмыс істеген мамандар Какау мен Жозе Алесио.
Какау Қазақстан ұлттық құрамасын бұған дейін екі мәрте баптаған.
2017 жылы Какаудың орнын дәл қазір тағы бір үміткер болып отырған Жозе Алесио басқан еді. Ол Қазақстан құрамасын Еуро-2018 іріктеу кезеңінде жаттықтырған.
Қазір сөз болып отырған нұсқаның бірі жүзеге асса, Какау ұлттық құраманың тізгінін үшінші рет қолға алуы мүмкін.
Еске сала кетейік, 2018 жылдан 2025 жылға дейін Қазақстан футзал құрамасының бас бапкері қызметін Рикардо Кака атқарды. Оның кезеңінде құрама әлемдік және еуропалық деңгейдегі басты додаларда тұрақты түрде жүлде үшін таласып, FIFA рейтингінде жетекші орындардың бірін иеленіп келді.