Олимпиада-2028: Ресей спортшылары оралуы мүмкін ба?

Сарапшы, спорт журналисі

Қазіргі таңда ХОК ресейліктерді Олимпиадаға қайтару мәселесін шешіп жатыр. Бірақ тек бірнеше спорт түрінен ғана.

Олимпиада-2028: Ресей спортшылары оралуы мүмкін ба?
Олимпиада-2028

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) Ресей спортшылары мен ұлттық құрамаларын 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына толыққанды түрде қайтару мүмкіндігін қарастырып отыр.

Халықаралық хоккей федерациясының президенті Люк Тардиф The Athletic басылымына берген сұхбатында ХОК Ресейдің халықаралық спортқа кезең-кезеңімен оралуын жоспарлап отырғанын айтты. Оның сөзінше, мәселе тек бейтарап статус немесе шектеулермен қатысуға қатысты емес — ұлттық ту мен әнұранды сақтай отырып, толық рұқсат беру нұсқасы да талқыланып жатыр. Дегенмен бұл процестің нақты тәртібі мен мерзімі әзірге айқындалмаған.

Қайтарудың болжамды кестесі

Тардифтің мәліметінше, халықаралық жарыстарға алдымен Ресей мен Беларусьтің жасөспірім құрамалары оралуы ықтимал. The Athletic бағалауынша, U18 санатындағы командалар 2028 жылы, жастар құрамалары 2029 жылдан кейін, ал ересектер деңгейіндегі ұлттық құрамалар 2029 жылдың көктеміне қарай қайта қосылуы мүмкін.

Осы сценарий жүзеге асса, Ресейдің хоккей құрамасы 2030 жылы Францияда өтетін қысқы Олимпиадаға толық құрамда қатысуы ықтимал деген болжам айтылады.

Қарсылық білдіріп отырған елдер

Дегенмен бастамаға қатысты пікір біркелкі емес. Қазірдің өзінде Финляндия, Швеция және Чехияның хоккей федерациялары Ресейдің халықаралық аренаға қайта оралуына қарсы. The Athletic дерегінше, Канада да бұл шешімге қарсылық танытуы мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір