Қасқыр ма? Олимпиадада оқыс оқиға тіркелді

Сарапшы, спорт журналисі

Әйелдер арасындағы командалық спринттің іріктеу кезеңінде жарыс жолына күтпеген "қонақ" шығып кетті. 

Қасқыр ма? Олимпиадада оқыс оқиға тіркелді
sports.ru

Италияда өтіп жатқан Қысқы Олимпиада-2026 ойындарында күтпеген оқиға тіркелді. Әйелдер арасындағы командалық спринттің іріктеу кезеңінде жарыс жолына ит жүгіріп шығып, спортшылармен бірге мәре сызығын кесіп өтті.

Ит қалай жарысқа қосылды?

Жарыс қалыпты жағдайда өтіп жатқан. Аргентиналық шаңғышы Нахьяра Диас Гонсалес мәреге жақындаған сәтте, оның артында үлкен сұр түсті ит пайда болды.

Фото: sports.ru

Куәгерлердің айтуынша, жануар жанкүйерлердің айқайына мән бермей, трасса бойымен сабырлы түрде жүгіріп отырған. Сөйтіп, тосыннан пайда болған "қонақ" мәре сызығын спортшылармен қатар мәре сызығын кесіп өткен. Ұйымдастырушылар тіпті фотофиниш камерасынан иттің суретін де тіркеген.

Фото: sports.ru

Кейін белгілі болғандай, жарыс жолына шыққан жануар 1950-жылдары неміс овчаркасы мен қасқырды будандастыру арқылы шығарылған ит түрі болып шықты.  

Айта кетейік, оқыс оқиға барысында спортшыларға немесе көрермендерге зиян келген жоқ. Дегенмен ұйымдастырушылар қауіпсіздік шараларын күшейтетінін мәлімдеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір