Криштиану Роналду Сауд Арабиясынан шұғыл түрде ұшып кетті

Сарапшы, спорт журналисі

Португалиялық футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың отбасы мүшелерімен бірге Сауд Арабиясынан шұғыл түрде жеке ұшақпен ұшып кеткені хабарланды.

Криштиану Роналду Сауд Арабиясынан шұғыл түрде ұшып кетті
dailysabah.com

Роналдудың жеке джеті Мадридке қонған

The Sun басылымының дерегінше “Әл-Наср” клубының ойыншысы Роналдуға тиесілі жеке ұшақ Сауд Арабиясынан ұшып шығып, Испания астанасы — Мадридке қонған. Журналистер мұны әуе кемелерін бақылайтын Flightradar24 сервисіндегі деректерді қарап анықтағанын жазды.

Ұшақ сейсенбіге қараған түні әуеге көтерілгені көрсетіледі.

Осы жаңалыққа дейін Азия футбол конфедерациясы (АФК) 2025/26 маусымындағы АФК Чемпиондар лигасының Батыс аймақтағы 1/16 финалындағы алғашқы ойындарын ауыстыру туралы шешім қабылдаған.

Бұл кезеңде “Әл-Наср” командасы БАӘ-нің “Әл-Васл” клубымен кездесуі тиіс болған.

Геосаяси ахуал Роналдудың шешіміне әсер етуі мү

Роналду Эр-Риядта қалыңдығы Джорджина Родригес және бес баласымен бірге тұрады. Соңғы күндері Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайдың ушығуына байланысты аймақта қауіпсіздік мәселелері жиілеп, дрон шабуылдары туралы ақпараттар тараған.

Аталған жағдайлар Роналдудың елден уақытша кетуіне ықпал етуі мүмкін деген болжам айтылады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір