Байрақты бәсеке Италияның Милан және Кортина қалаларында 6–16 наурыз аралығында өтеді.
Санаулы күндерден кейін Италияда 14-ші қысқы Паралимпиада ойындары басталады. Әлемдік дода 6–16 наурыз аралығында өтеді. Қазақстан атынан жеті спортшы жарыс жолына шығады.
Ұлттық құрама өкілдері тек екі спорт түрінен сынға түседі:
Биылғы ойындарға әлемнің түкпір-түкпірінен 600-ге жуық спортшы қатысады. Барлығы 79 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарының ерекшелігі – додаға 50 жыл толуы. Алғашқы қысқы Паралимпиада 1976 жылы Швецияда өтті. Содан бері бұл жарыс мүмкіндігі шектеулі спортшылардың ең беделді бәсекесіне айналды.
Қазақстанның жетістіктері:
ҚР Ұлттық Паралимпиада комитетінің бас хатшысы Дияр Сейітов қысқы ойындардан да жоғары нәтиже күтетінін айтты.
"Паралимпиадалық қозғалыс елімізде қарқынды дамып келеді. Оған жазғы Паралимпиада ойындарында жеңіп алған медальдар саны айқын дәлел. Осындай оң үрдіс қысқы ойындарда да жалғасып, қуаныш сыйлайды деген сенімдеміз. Жалпы қоржынымызда Пхенчхандағы 1 алтын жүлде бар. Сондай-ақ 1996 жылы еншілеген күмісіміз бен Александр Герлицтің қоласы бар. Әр спортшыға үміт артамыз".