Таяу Шығыстағы қақтығыс: Паралимпиада комитеті шұғыл мәлімдеме жасады

Сарапшы, спорт журналисі

Таяу Шығыстағы елдердің әуе кеңістігі жабылуынан кей делегациялардың Еуропаға жете алмай қалуы мүмкін. 

Таяу Шығыстағы қақтығыс: Паралимпиада комитеті шұғыл мәлімдеме жасады
football24.ua

Халықаралық паралимпиада комитеті (ХПК) Таяу Шығыстағы зымыран соққылары мен әскери шиеленістің Милан–Кортина-2026 қысқы Паралимпиада ойындарын өткізуге ықпалы туралы ресми мәлімдеме жариялады.

Жағдай жіті бақылауда

ХПК хабарлауынша, ұйым қазіргі ахуалға байланысты барлық ақпаратты жинап, тексеріп, оның 2026 жылғы қысқы Паралимпиадаға және жалпы паралимпиадалық қозғалысқа әсерін бағалап жатыр.

"Бұл жағдай тек ойындарға қатысатын ұлттық паралимпиада комитеттеріне ғана емес, барлық мүшелерімізге әсер етеді. Ең алдымен біз адамдардың қауіпсіздігін ойлаймыз, зардап шеккендердің жанындамыз".

Аймақтағы әскери әрекеттер салдарынан халықаралық әуе рейстерінің кестесіне өзгерістер енгізілген. Таяу Шығыстағы бірқатар әуе кеңістігінің жабылуы кей делегациялардың Еуропаға жетуіне кедергі келтіруі мүмкін.

ХПК өкілдері:

  • Ұйымдастырушылармен;
  • Қатысушы делегациялармен;
  • Серіктес тараптармен тұрақты байланыста екенін мәлімдеді.

Кейбір команда қазірдің өзінде Еуропада жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Алайда аймақтағы әуе кеңістігінің жабылуы жекелеген қатысушылардың келуіне әсер етуі ықтимал.

Паралимпиада жоспар бойынша өтуі тиіс

Қиындықтарға қарамастан, ХПК Милан–Кортина-2026 қысқы Паралимпиадасын бекітілген жоспарға сәйкес өткізуге ниетті екенін растады.

"Біздің басты мақсатымыз – ойындарды жоғары деңгейде өткізу және оларды әлемдегі 1,3 миллиард мүмкіндігі шектеулі адам үшін әлеуметтік интеграция алаңы ретінде сақтап қалу", – деп атап өтті комитет өкілдері.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір