Танымал қазақстандық спортшы өмірден өтті

Сарапшы, спорт журналисі

Ол Бразилияда өткен XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарында ол онсайыс бойынша алтын медаль жеңіп алды.

Танымал қазақстандық спортшы өмірден өтті
kaz.orda.kz

Сурдо жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Фархад Қыстаубаев дүниеден өтті. Қаралы хабарды Дене мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған спорттық даярлау орталығы ресми парақшасында жариялады.

Сурдлимпиада чемпионы

Фархад Қыстаубаев Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол сурдо спорттағы ең ірі халықаралық жарыстардың бірі – Сурдлимпиада ойындарында Қазақстанның атын әлемге танытқан спортшылардың бірі.

2022 жылы Бразилияда өткен XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарында ол онсайыс бойынша алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруде қола жүлдеге ие болды.

Халықаралық жарыстардағы жетістіктері

Фархад Қыстаубаев халықаралық және республикалық деңгейдегі көптеген жарыстарда табысты өнер көрсетіп, бірнеше мәрте жүлделі орындарға көтерілген.

Ол Қазақстан намысын халықаралық ареналарда абыроймен қорғаған үздік сурдо спортшылардың бірі ретінде танылды.

Спорт қауымдастығы көңіл айтты

Қазақстан спорт қауымдастығы Фархад Қыстаубаевтың дүниеден өтуін ауыр қайғы ретінде қабылдап, оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір