Михаил Шайдоровқа электромобиль табысталды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа отандық компаниялардың сый-құрметі жалғасып жатыр. Бұл жолы спортшыға электромобиль берілді.

Михаил Шайдоровқа электромобиль табысталды (ВИДЕО)
instagram/@almaty_novosti

Қандай сыйлық жасалды?

Қазақстандық бизнес өкілдері ел спортының тарихи жетістігіне үлес қосқан Михаил Шайдоровты марапаттауды жалғастырып келеді. Отандық компаниялардың бірі Олимпиада чемпионына бағалы сыйлық ретінде жаңа электромобиль табыстады. 

Компания таратқан ақпаратта бұл сыйлық спортшының жоғары жетістіктерін мойындаудың белгісі екені айтылды.

"Экологиялық компания Михаил Шайдоровқа оның спорттағы жарқын табыстары мен қазақстандық спортты халықаралық деңгейде дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін электромобиль сыйлады", — делінген хабарламада.

Михаил Шайдоровқа Zeekr маркалы электркөлік тарту етілген.

Шайдоров не үшін ерекше құрметке ие болды?

Еске салайық, 2026 жылдың 14 ақпанында Михаил Шайдоров ерлер арасындағы жекелей мәнерлеп сырғанауда Олимпиада чемпионы атанып, Қазақстан спорты тарихында айрықша жетістікке жетті. 

Осы тарихи жеңістен кейін қазақстандық жанкүйерлер мен кәсіпкерлер тарапынан спортшыға ерекше құрмет көрсетіліп келеді. Бұған дейін оған пәтерлер мен өзге де бағалы сыйлықтар табысталған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір