Қазақстан Паралимпиадада алғашқы медаль жеңіп алды

Сарапшы, спорт журналисі

Италияда өтіп жатқан Паралимпиада-2026 жарысында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті. 

Қазақстан Паралимпиадада алғашқы медаль жеңіп алды
NUR.kz

Ербол Хамитов елге алғашқы медаль сыйлады

Парашаңғышы Ербол Хамитов Италиядағы Паралимпиада-2026 ойындарында отырып жарысатын спринт финалына қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Финалдық сайыста барлығы алты спортшы бақ сынады. Шешуші жарыс қорытындысында қазақстандық спортшы 2:29.9 уақыт көрсетіп, мәреге үшінші болып жетті.

Бұл жарыста алтын медаль қытайлық Цзысюй Люге бұйырды. Ол финалда 2:28.9 уақыт көрсетті. Ал күміс жүлдені бразилиялық Кристиан Вестемайер Рибера жеңіп алды.

Хамитов финалға қалай шықты?

Ербол Хамитов жарыс жолында тұрақты әрі сенімді өнер көрсетті. Жартылай финалда ол 2:38.1 уақыт тіркеп, өз кезеңінде бірінші орын алды. Осы нәтиже оны финалға шығарды.

Ал іріктеу кезеңінде қазақстандық спортшы алтыншы нәтиже көрсеткен. Соған қарамастан шешуші сәтте шеберлігін дәлелдеп, жүлдеге қол жеткізді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір