Бибісара Асаубаева Магнус Карлсен қатысатын турнирге барады

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық шахматшы жақын арада Норвегияда өтетін беделді турнирге дайындықты бастайды. 

Бибісара Асаубаева Магнус Карлсен қатысатын турнирге барады
sportbox.ru

Кипрден кейін Норвегияға бет алады 

Қазақстандық шахматшы Кипрдегі кезеңін аяқтап, енді алдағы маңызды сынға дайындалмақ. Бибісара Асаубаева өзінің Telegram-арнасында Үміткерлер турнирінің жеңімпазы Жавохир Синдаровпен және ортақ секунданттары Мухиддин Мадаминовпен түскен суретін жариялады.

Шахматшы жазбасында Кипрден кейін аз уақыт тынығып, келесі айда басталатын Норвегиядағы турнирге дайындыққа кірісетінін айтты.

“Кипрден түскен соңғы лифттегі фото.
Біз түнгі үш шамасында тарастық, ал таңғы алтыда жігіттерді костюммен көру қызық екен. Енді үйге қайтатын уақыт келді. 1 желтоқсаннан бері үйде бар болғаны алты күн болдым. Қазір аздап тынығып аламын, содан кейін келесі айдағы Норвегиядағы жарысқа дайындаламын”, — деп жазды Бибісара Асаубаева.

Үміткерлер турниріндегі нәтиже

2026 жылғы Үміткерлер турнирінің қорытындысы бойынша Бибісара Асаубаева 8 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады. Ал ерлер арасындағы жарыста өзбекстандық Жавохир Синдаров 10 ұпаймен жеңімпаз атанды. Енді ол әлем чемпионы Гукеш Доммараджумен кездесуге мүмкіндік алды.

Norway Chess Women қашан өтеді?

2026 жылдың 25 мамыры мен 5 маусымы аралығында Норвегияда әлемдегі ең беделді шахмат додаларының бірі — Norway Chess Women турнирі өтеді. Бұл жарыс дәстүрлі Norway Chess турнирімен қатар ұйымдастырылады.

Аталған додаға әлем шахматының ең танымал өкілдерінің бірі Магнус Карлсен де қатысады деп күтіліп отыр. Сондықтан Норвегиядағы турнир биыл да жанкүйерлер назарындағы басты бәсекелердің бірі болмақ.