Робот марафонда адамзат рекордын жаңартты

Сарапшы, спорт журналисі

Honor компаниясы әзірлеген робот 21,1 шақырымды 50 минут 26 секундта жүріп өтті.

Робот марафонда адамзат рекордын жаңартты
kursiv.media

19 сәуірде Бейжіңде өткен жартылай марафонда робот адамдардың бәрін артта қалдырды. Осы жолы адам тәрізді роботтар мықты спортшы екенін дәлелдеді. Бұл туралы Kursiv.Media хабарлады.

Бір жыл бұрын ғана марафонға қатысқан роботтардың дені мәре сызығына жетпей қалған. Тіпті кейбірі жарыс басталатын сызықтан аттай да алмаған. Бірақ биыл олар әлдеқайда дамығанын бүкіл әлемге паш етті.

2025 жылы марафонға 20 робот қатысса, биыл олардың саны жүзден асып кетті. Олар адамдардан айтарлықтай жылдам жүгірді. Роботтар мен адамдар соқтығыспас үшін екі түрлі жол таңдалды.

Жеңімпаз робот

Honor компаниясы әзірлеген робот 21,1 шақырымды 50 минут 26 секундта жүріп өтті. Бұл Джейкоб Киплимо орнатқан әлем рекордынан бірнеше минутқа жылдам. Алайда жеңімпаз робот мәреге бірнеше метр қалғанда қоршауға соғылып құлап, көмекші демеуімен тұрғаннан кейін мәреге жеткен.

Басқа да роботтар айтарлықтай жылдамдық көрсете алмады. Дегенмен осы марафон адам тәрізді роботтардың физикалық күш-қуатын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Материалда: