"Ташкентте талай болдым". Бибісара Асаубаева өзбекстандық жанкүйерлерімен тілдесті

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық шахматшы әлеуметтік желідегі сұрақтарға ашық жауап берді. 

"Ташкентте талай болдым". Бибісара Асаубаева өзбекстандық жанкүйерлерімен тілдесті
inform.kz

Қазақстанның танымал шахматшысы Бибісара Асаубаева Instagram желісінде өзбекстандық жанкүйерлердің сұрағына жауап беріп, Ташкентпен байланысы туралы айтып берді.

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі шахматшыдан:

"Сен Ташкентте болып көрдің бе? Соңғы екі аптада сенің Өзбекстаннан жанкүйерлерің көбейді", – деп сұраған.

Бибісара бұл сұраққа ашық әрі жылы жауап қайтарды:

"Мен Ташкентте бірнеше рет болдым. Соңғы рет желтоқсанда бардым, бірақ бір күн ғана болдым. Менің ең жақын досым – Ташкенттен. Айтпақшы, сіздердің тағамдарыңыз өте дәмді! Қазір тіпті қыздармен фан-кездесу ұйымдастыруды сұрап жатыр", – деді ол.

Соңғы уақытта Бибісара Асаубаеваға Өзбекстаннан қызығушылық айтарлықтай өскен. Әсіресе әлеуметтік желілерде оның жазбаларына пікір білдірушілер көбейген.

Айта кетейік, соңғы күндері БАҚ пен әлеуметтік желілерде Асаубаева мен өзбекстандық шахматшы Жавохир Синдаров арасындағы ықтимал қарым-қатынас туралы әңгімелер жиі талқыланып жатыр.