ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 25-тур

Винокуров Азияның үздік велошабандозы атанды

Қазақстандық спортшы жалпы есепте ТОП-6 қатарына енді.

Винокуров Азияның үздік велошабандозы атанды
pin-upsport.kz

Қазақстандық велошабандоз Николя Винокуров Қытайда өткен "Тур Хайнань-2026" көпкүндік жарысын сәтті аяқтап, үздік азиялық спортшы атанды.

23 жастағы қазақстандық спортшы жарыс қорытындысы бойынша жалпы есепте алтыншы орынға тұрақтады. Сонымен қатар, ол үздік азиялық велошабандоз ретінде көк жейдені иеленді.

Ал көпкүндік жарыстың жалпы есебінде жеңісті XDS Astana Team құрамасының тағы бір өкілі Томас Сильва жеңіп алды. Ол алдыңғы кезеңдердегі сәтті өнерінің арқасында көшбасшылықты сақтап қалды.

Винокуров – Қазақстан үміті

Николя Винокуров – XDS Astana Team сапында өнер көрсететін қазақстандық велошабандоз. Ол халықаралық ареналарда ел намысын қорғап жүр.

Айта кетейік, Николя – 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың ұлы. Қазіргі таңда оның әкесі командада бас менеджер қызметін атқарады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.