Қазақстан чемпионатында бір күнде жеті рет рекорд жаңарды

Футбол шолушысы

Ақмолда Сайрамкез 311 келімен чемпион атанды.

Қазақстан чемпионатында бір күнде жеті рет рекорд жаңарды
olympic.kz

Талдықорғанда өтіп жатқан ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатында 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тартысты бәсеке болды. Екінші жарыс күнінде Жетісу облысының екі зілтеміршісі — Ақмолда Сайрамкез бен Анатолий Савельев чемпиондық үшін өзара сынға түсті.

Жарыс қорытындысы бойынша осы салмақта бірден жеті рет рекорд жаңарды. Оның төртеуі жұлқа көтеру сайысында, үшеуі серпе көтеруде тіркелді.

Ақмолда Сайрамкез Қазақстан чемпионы атанды

65 келіге дейінгі салмақта алтын медальді Жетісу облысының өкілі Ақмолда Сайрамкез жеңіп алды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 311 келі көтерді. Оның нәтижесі — 137 келі (жұлқа көтеру) және 174 келі (серпе көтеру).

"Қарсыласым қандай салмақ көтергеніне қарай тактика құрдық. Көргендеріңіздей, серпе көтеруде үшінші мүмкіндікте маған 182 келіні көтеру керек еді. Бірақ чемпиондық атақ мерзімінен бұрын бұйырған соң, бұл салмаққа тапсырыс берудің қажеті жоқ деп шештік. Енді жазғы Азия ойындарына тыңғылықты дайындаламыз", — деді Ақмолда Сайрамкез.

Екінші орынды тағы бір жетісулық зілтемірші Анатолий Савельев иеленді. Ол жалпы есепте 303 келіні (143, 160) бағындырды. 

Ал қола жүлде Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Михаил Бакадаровқа бұйырды. Ол қоссайыста 229 келі көтерді: 101 келі жұлқа көтеруде және 128 келі "серпе көтеруде. 

Айта кетейік, 2025 жылғы Қазақстан чемпионатында 65 келіге дейінгі салмақта Анатолий Савельев 291 келімен жеңімпаз атанған еді. Ол кезде оның нәтижесі 134+157 болған.

Қазақстан чемпионатына 164 спортшы қатысып жатыр

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты Талдықорғанда 12-18 мамыр аралығында өтеді. Жарысқа елдің 16 өңірінен 164 спортшы қатысуда.