"Қайрат" бас бапкерімен қоштасты

Бокс шолушысы

Алматылық "Қайрат" футзал клубында бапкерлік ауыс-түйіс болды. 

"Қайрат" бас бапкерімен қоштасты
Instagram/@afckairat

Команданы кім жаттықтырады?

Даниэль Жуниор футзалшылармен қоштасқан. Енді маусым соңына дейін бас бапкер міндетін клубтың спорт директоры Густаво Парадеда атқарады. Айта кетейік, мұндай жағдай алматылық клубта бұған дейін де болған.

Өткен маусымда Марлон Веласко плей-оффтың жартылай финалдық матчтары алдында "Қайраттан" кеткен еді. Сол кезде де Густаво Парадеда команданы маусым соңына дейін бастап шыққан.

Даниэль Жуниор қашан келген?

46 жастағы бразилиялық маман 2025 жылдың 13 тамызында "Қайраттың" бас бапкері болып тағайындалған. Оның қызметке келгені 2025/2026 маусымы басталар алдында ресми түрде жарияланған.

Жуниор бұған дейін Бразилияның жасөспірімдер құрамаларымен жұмыс істеген. U-17 және U-18 құрамаларын жаттықтырып, Жасөспірімдер Олимпиадасында және Оңтүстік Америка чемпионатында жеңіске жеткен.

Бразилияға оралуы мүмкін

Қазақстанға келгенге дейін Даниэль Жуниор Бразилияның "Жоинвиль", "Шопинзинью" және "Кампу-Моран" клубтарын басқарған.

Бұған дейін оның Бразилияға қайта оралуы мүмкін екені хабарланған. Енді алматылық клуб маусымның шешуші бөлігін уақытша бапкермен аяқтайды.