Қазақстандық зілтеміршілер әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды
Ерасыл Саулебеков алтын медаль иеленіп, Бейбарыс Ерсейіт әлемдік рекорд орнатты.
Египеттің Исмаилия қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы 2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы бұл додада сәтті өнер көрсетіп, жалпы бес медаль иеленді.
Ұлттық құраманың барлық жүлдесі 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тіркелді. Бұл салмақта қазақстандық ауыр атлеттер бірнеше жаттығу бойынша үздіктер қатарынан көрінді.
Әлихан Әскербай күміс алды
88 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әлихан Әскербай құлқа көтеру сайысында 161 келіні бағындырып, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Ал серпе көтеруде үздік үштікке енді. Қазақстандық спортшы 194 келіні көтеріп.
Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Ерасыл Саулебеков серпе көтеру жаттығуында үздік нәтиже көрсетті. Ол 199 келіні көтеріп, қарсыластарынан озып шықты. Осылайша Саулебеков аталған жаттығуда әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.
Қазақстандық ауыр атлеттер қоссайыс қорытындысында да медальсіз қалған жоқ. Ерасыл Саулебеков жалпы есепте 356 келі нәтижемен екінші орын алды.
Ал Әлихан Әскербай 355 келіні бағындырып, қоссайыста үшінші орынға тұрақтады. Осылайша 88 келіге дейінгі салмақта Қазақстан спортшылары бірден бірнеше медаль еншіледі.
Бейбарыс Ерсейіт әлемдік рекорд орнатты
Қазақстан құрамасы үшін тағы бір маңызды нәтиже 65 келіге дейінгі салмақта тіркелді. Бұл салмақта өнер көрсеткен Бейбарыс Ерсейіт жұлқа көтеру жаттығуында 131 келіні көтерді.
Осы көрсеткіш жасөспірімдер арасындағы әлемдік рекорд ретінде тіркелді.