Қазақстан құрамасы Украинадан озды

Бокс шолушысы

FIFA рейтингінде әлемнің үздік сегіздігіне көтерілді. 

Қазақстан құрамасы Украинадан озды
KazFootball.kz

Футзалдан Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде әлемнің үздік сегіз құрамасы қатарына енді.
 
2026 жылдың 8 мамырында жаңартылған FIFA рейтингінде Қазақстан футзал құрамасы бір саты жоғарылап, тоғызыншы орыннан сегізінші орынға көтерілді. Осылайша, Қазақстан құрамасы Украина футзал құрамасын артта қалдырды.

Көш басында кім?

Ерлер арасындағы рейтингте көш басында Бразилия құрамасы тұр. Одан кейін Португалия мен Испания орналасқан.

2026 жылғы 8 мамырдағы FIFA ерлер футзал рейтингі:

  • Бразилия - 1684,97
  • Португалия - 1575,32
  • Испания - 1574,39
  • Аргентина - 1513,38
  • Иран - 1507,71
  • Марокко - 1486,53
  • Ресей - 1430,32
  • Қазақстан - 1403,80
  • Украина - 1400,89
  • Франция - 1397,25

Ал әйелдер арасындағы рейтингте Қазақстан әйелдер футзал құрамасы тоғыз саты төмендеп, 65-орынға түсті. Қазақстан құрамасы бұл тізімде Қырғызстан және Перу құрамаларымен қатар тұр.

Әйелдер рейтингінде де бірінші орынды Бразилия әйелдер футзал құрамасы сақтап қалды.