Егіз мергендер әлем чемпионатында Қазақстанға қос медаль сыйлады
Эстония астанасы Таллинде өтіп жатқан қозғалмалы нысанаға оқ атудан әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар жүлделі болды.
Olympic.kz
Қазақстандық мерген Фатима Ирназарова 10 метр қашықтықтағы қозғалмалы нысанаға оқ атудан жарыстың финалында Украина спортшысы Виктория Рыбоваловамен кездесіп, қарсыласын 6:2 есебімен жеңді.
Ирназаровалар отбасының қос жетістігі
Аталған сайыста ұлттық құрама тағы бір жүлдеге ие болды. Қола медаль үшін өткен кездесуде Фатиманың егізі Зухра Венгрия өкілі Бьянка Барбара Фаркашне Кецелиді 6:4 есебімен жеңді.
Таллинде өтіп жатқан әлем чемпионаты 26 шілдеге дейін жалғасады. Жарысқа 17 елден 100-ге жуық мерген қатысып жатыр.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet