Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовке 2 миллион теңге табысталды (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы

Қазақстан биатлоншылар одағы Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов пен оның бапкерлерін ақшалай сертификаттармен марапаттады.

Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовке 2 миллион теңге табысталды (ВИДЕО)
instagram.com/biathlon_kaz/

2 миллион теңге алды

Италияда өткен Паралимпиада ойындарында тарихи жетістікке жеткен Ербол Хамитовке 2 миллион теңгенің сертификаты табысталды. Қазақстан биатлоншылар одағының мәліметінше, бұл сыйақы спортшының халықаралық аренадағы жоғары нәтижесі мен ел параспортының дамуына қосқан үлесі үшін берілген.

Ербол Хамитовты бірнеше жыл бойы маңызды жарыстарға дайындаған жеке жаттықтырушысы Антон Ждановичке 1 миллион теңге көлеміндегі сертификат берілді.

Қазақстан парабиатлон құрамасының бас бапкері Василий Коломиец те 1 миллион теңгемен марапатталды. Маман ұлттық құраманың Паралимпиада ойындарына дайындығына елеулі үлес қосқан.

Марапаттау Азия чемпионатында өтті

Салтанатты шара жазғы биатлоннан Азия чемпионаты кезінде ұйымдастырылды. Құрлықтық додаға жеті мемлекеттен спортшылар мен жаттықтырушылар қатысты.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, ірі халықаралық жарыс аясында өткен марапаттау рәсімі Ербол Хамитовтың тарихи жеңісінің маңызын айқындай түсті.