Ватерполдан ұлттық құрама Азия чемпионатында күміс жүлде алды
Су добынан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі ерлер құрамасы Азия чемпионатының финалында Жапонияға есе жіберді.
Төрт доп айырмасымен есе жіберді
Финалдық ойын тартысты өтіп, Жапония құрамасы 12:8 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Қазақстан командасы Азия чемпионатында күміс медаль иеленді.
Қазақстандық су добы шеберлері турнир барысында жеті кездесу өткізіп, соның алтауында жеңіске жетті.
Топтық кезең мен плей-оффтағы нәтижелер:
- Қазақстан – Гонконг – 23:3;
- Қазақстан – Шри-Ланка – 32:2;
- Қазақстан – Таиланд – 22:2;
- Қазақстан – Жапония – 12:14;
- Қазақстан – Иран – 11:5;
- Қазақстан – Өзбекстан – 22:8;
- Қазақстан – Сингапур – 15:9.
Қытай қола жүлде жеңіп алды
Үшінші орын үшін өткен кездесуде Қытай құрамасы Сингапур командасынан басым түсіп, Азия чемпионатының қола жүлдесіне ие болды.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.