ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

Бибісара Асаубаева супертурнирде қытайлық шахматшыға есе жіберді

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өтіп жатқан Cairns Cup 2026 халықаралық супертурнирінің сегізінші турында қытайлық Тань Чжунъиден жеңілді.

Бибісара Асаубаева супертурнирде қытайлық шахматшыға есе жіберді
Lennart Ootes / Saint Louis Chess Club

Асаубаева партияны қара фигуралармен өткізіп, турнир көшбасшысына 0:1 есебімен жол берді. Осы кездесуге дейін қазақстандық шахматшы Тань Чжунъиден бір ұпай ғана қалып, турнир жеңісіне таласу мүмкіндігін сақтап тұрған еді.

Турнир көшбасшылары

Сегіз турдың қорытындысы бойынша Тань Чжунъи 6,5 ұпаймен көш бастаса, америкалық Элис Ли 5,5 ұпаймен екінші орында тұр. Ал Бибісара Асаубаева 4,5 ұпай жинап, үшінші орынға жайғасты.

Турнирдің соңғы турында Асаубаева ақ фигуралармен Үндістан өкілі Конеру Хампиге қарсы ойнайды. Хампи қазіргі таңда 3 ұпаймен сегізінші орында келеді. Ал көшбасшы Тань Чжунъи соңғы турда қара фигуралармен грек шахматшысы Ставрула Цолакидумен кездеседі.

Cairns Cup 2026 турнирі бүгін, 19 тамызда аяқталады. Жарыстың жалпы жүлде қоры 250 мың долларды құрайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.