Олардың орнын легионерлер басуы мүмкін.
"Астананың" 5 қазақстандық шабандозы келесі жылға командасыз қалды. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.
Басылымның мәліметі бойынша жергілікті велокоманда екі дүркін Азия чемпионы Дмитрий Груздев, топтық жарыста Азия және Қазақстан чемпионы Евгений Гидич, Адриатика-Ионика" және "Лангкави туры"көпкүндіктерінің жүлдегері Вадим Пронский, Азия чемпионы Игорь Чжан және топтық жарыста Қазақстан чемпионатының жүлдегері Антон Кузьминмен келісімшартты ұзартпаған.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы маусымда Astana Kazakhstan Team екі итальян, бір француз және бір нидерландтық шабандозбен келісімшартқа отырды.