Бибісара Асаубаеваның ФИДЕ Гран-приіндегі матчы күтпеген нәтижемен аяқталды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан шахмат құрамасының көшбасшысы Бибісара Асаубаева Монакода өтіп жатқан ФИДЕ Гран-при турнирінің үшінші турында ресейлік Александра Горячкинаға қарсы тартысты ойында жеңіліп қалды.

Бибісара Асаубаеваның ФИДЕ Гран-приіндегі матчы күтпеген нәтижемен аяқталды
chesswood.ru

Қазақ және ресейлік шахматшылар арасындағы партия 5,5 сағатқа жалғасты. Бұған дейін Бибісара екі ойында тең түскен болатын.

Үш тур қорытындысы бойынша Асаубаева 1 ұпай жинап, 9-орынға орналасты. Бұл нәтиже оның келесі турларда жоғары орындарға көтерілу мүмкіндігін сақтап отыр.

Төртінші турда Бибісара Асаубаева Үндістан өкілі Харика Дронаваллиге қарсы ойнайды. Бұл матч спортшы үшін маңызды болмақ.

sports.kz