Қазақстан Азия кубогында айқын басымдықпен жеңіске жетті
Бангкокта нысана көздеуден құрлықтық чемпионат мәреге жетті.
olympic.kz
Сайыстың соңғы күнінде Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы ҚР МТС Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.
Алтын медаль:
Александра Ле, Арина Алтухова, Елизавета Безрукова – 50 м винтовка (командалық жарыс)
Александра Ле – 50 м винтовка (жекелей жарыс)
Никита Чирюкин – 25 м пистолет
Күміс медаль:
Елизавета Безрукова – 50 м винтовка (жекелей жарыс)
Ұлттық құрама 12 алтын медаль жеңіп алып, Азия Кубогының бас жүлдесін иеленді.
Жалпыкомандалық есеп:
- Қазақстан – 12 алтын, 9 күміс, 4 қола
- Оңтүстік Корея – 7 алтын, 4 күміс, 7 қола
- Сингапур – 3 алтын, 4 күміс, 2 қола
Азия Кубогына 23 елдің спортшылары қатысты.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet