Қазақстандық фристайлшы Еуропа кубогы кезеңінде топ жарды
Швейцарияның Айроло қаласында фристайл-акробатикадан өтіп жатқан Еуропа кубогының кезеңінде ерлер арасындағы жекелей сында бақ сынаған отандасымыз Дінмұхаммед Райымқұл бірінші орын алды.
Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.
Райымқұлдың ұпай саны – 96.58 болды. Күміс пен қола медаль екі украиналық спортшы – Максим Кузнецов (96.23) пен Дмитрий Котовскийдің (85.30 балл) еншісінде кетті.

Айта кетейік, кеше ғана Дінмұхаммед дәл осы жарыста күміс жүлде жеңіп алды.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.